420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» және «Каспий құбыр Консорциумы-К» ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

  • 660
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» және «Каспий құбыр Консорциумы-К» ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ және «Каспий құбыр Консорциумы-К» ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов пен «Каспий құбыр Консорциумы-К» АҚ бас директорының ҚР Үкіметімен байланыс бойынша орынбасары Қайыргелді Қабылдин ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мұнай тасымалдау бойынша аса ірі әлемдік жобалардың бірі КҚК ЭКСПО-2017 көрмесінің корпоративтік қатысушысы болып, демеушілік көмек көрсетеді.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов консорциумның алда өткелі отырған көрмеге қатысуының маңызы жоғары екендігін атап өтті.

15 жылдай уақыт бойы, 2001 жылдан бастап каспийлік құбыр арқылы Қазақстаннан сыртқы нарықтарға жарты миллион тонна мұнай экспортқа шығарылды.

ХКБ (Халықаралық Көрмелер Бюросы) бекіткен Тіркеу ісіне сәйкес, «Астана – ЭКСПО-2017» демеушілік бағдарламасы бойынша 147 млн. еуро тартуы қажет. Демеушілік санаттары 10000-нан 15 000 000 еуроға дейін ауытқиды.

Хабар 24 телеарнасы