413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әсет Исекешев: EXPO көрмесіне дайындық мұқият пысықталсын

  • 471
Әсет Исекешев: EXPO көрмесіне дайындық мұқият пысықталсын Фото: kapital.kz

Әр апта сайын Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу мәселелері жөніндегі штабтың отырыстары өтеді.

Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бүгінгі күнге дейін елордада аталған маңызды оқиғаға қызу дайындық жүруде.

Отырыс шеңберінде көліктік қамтамасыз ету, жол қозғалысын ұйымдастыру, азық-түлік жеткізу, мәдени-бұқаралық шаралар күнтізбесі сияқты мәселелер талқыланды. Штаб көрме барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударып отыр. Сол себепті әр апта сайын жиынға қаланың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғалар шақырылады. Көрме қонақтарына жайлы жағдай жасау тақырыбы да қозғалды. Оларды елордада орналастыру және қала ішімен жүруіне қатысты бағыттар әзірленді.

Сонымен бірге бүгін Астана әкімдігінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен штабтың кезекті отырысы өтті. Оған «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ өкілдері, Астана қаласы ІІД басшысы қатысты. Айта кететін жәйт, осы жолы әкім Әсет Исекешевке «ЭКСПО-2017» көрмесінің жаңа логотипі таныстырылды. Еріктілерді тарту бойынша бірқатар мәселелер қаралды. Жалпы қала басшысы әрбір қатысушыны өзі тыңдап, қажет болса, тапсырма береді және барлық тапсырмаларды егжей-тегжей пысықтауды жүктейді.

Хабар 24 телеарнасы