425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Экспо-2017 қарсаңында П.Чайковский атындағы жасөспірімдер байқауы өтеді

  • 588

Елордада Экспо-2017 көрмесі қарсаңында халықаралық байқау өтеді.

Бас қала алғаш рет Чайковский атындағы жасөспірімдер сайысын өткізуге мүмкіндік алып отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақ өнер университетінің ректоры мәлім етті. Айман Мұсақожаеваның айтуынша, жасөспірімдер байқауы маусымның 15-і мен 25-і аралығында өтеді. Оған әлемнің әр түкпірінен 17 жасқа дейінгі музыканттар қатысады. Сайыста фортепиана, скрипка, виолончель аталымы бойынша үздіктер анықталады. Айта кеткен жөн, халықаралық байқау 1992 жылдан бері өткізіліп келеді.

Айман Мұсақожаева, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры:

- Халықаралық жасөспірімдер байқауы екі жылда бір өтеді. Оған алыс-жақын шет елдердің талантты жастары қатысып, бақ сынасады. Байқауда әлемге әйгілі музыканттар қазылық етеді. Мәселен, Қазақстан, Ресей, АҚШ, Корея, Қытай, Франция, Швейцария елдерінен келеді. Үш кезеңнен тұратын сайыстың ақтық сынына жолдама алғандар симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен шығарма орындайды.

Хабар 24 телеарнасы