423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

EXPO көрмесі: өткені мен бүгіні

  • 799

Ең алғашқы ЕХРО көрмесі 165 жыл бұрын Ұлыбританияда өткізілгені белгілі.

Шараның негізін қалаушы Елизавета ІІ ханшайымның арғы атасы ғылым жетістіктерін жаны сүйетін Альберт ханзада болған. Өткеннен қалған экспонаттардың кейбірі Кембридж мұражайында әлі де сақтаулы.

Барлық елдердің өнеркәсіп жұмыстарының ұлы көрмесі. 1851 жылы лондондық Гайд-паркте өткен алғашқы көрме дәл осылай аталған. Бұл өнеркәсіптегі төңкерістің жаңа парақшасы ақтарылған уақыт болатын. Шараның өткізілетіні туралы жаңалықты өнеркәсіпшілер мен бизнесмендер жылы қабылдапты. Өйткені ЕХРО бүкіләлемдік сауданы дамытудың үлкен мүмкіндігі болған.

Бір жарым ғасыр бұрынғы алғашқы көрмеге көне факс-машина мен боран болжағыш құрал шығарылған екен. Бүгінде олар ешкімді таң қалдыра қоймағанымен, ол тұста нағыз жаңалық бола білді. Көп көрерменнің назарын аудару үшін көрмеге аңшылардың құнды олжалары, тіпті әйгілі Кохинур алмазы да қойылған.

Сидхард Саксена, Кембридж унивеситетінің профессоры:

- Ол кездегі көрме бұған дейін не болғанын ғана емес, не болатынын да болжай білген. Басқаша айтқанда, Ұлыбритания ЕХРО-ны өткізу арқылы жаңа технологиялардың дамуына ықпал етті. Соның арқасында бүгін біз ғылымда керемет жаңалықтар жасай аламыз. Қазақстанды да болашақта осындай жақсылықтар күтіп тұр деп үміттенемін.

ЕХРО-2017 жұмысына 20-ға жуық британиялық компания қатысатыны белгілі. Ұлыбритания бойынша ЕХРО бас комиссары Чарльз Хендридің айтуынша, олардың павильоны өте көлемділердің қатарында болмақ. Британиялықтар энергетикалық мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық технологиялар мен әлемдік деңгейдегі зерттеулерге көп көңіл бөлмек. Білім саласы да басым бағыттардың бірі болады. Ұлыбритания мен Қазақстан бұл жағынан мықты байланыс орнатқаны белгілі. Британиялықтар ЕХРО арқылы одан да көп студент тартпақ.

Чарльз Хендри, Ұлыбритания бойынша EXPO-2017-нің комиссары:

- Біз сондай-ақ британиялық компанияларға Қазақстанмен әріптестік орнатудың пайдасы шаш-етектен екендігін жеткізігіміз келеді. Оның үстіне сіздердің елдеріңіз арқылы Ресей және Қытай сияқты алып мемлекеттердің нарығына шығуға үлкен мүмкіндік бар.

1851 жылғы бірінші көрмеге 6 млн-ға жуық адам қатысып, ұйымдастырушыларды пайдаға батырғаны белгілі. Келесі жылы Қазақстан да ЕХРО өткізу арқылы біршама бағыт бойынша табысқа жетуді жоспарлап отыр. Ал, британиялықтар әзірге кейбір ұйымдастыру мәселелері бойынша тіс жарғысы жоқ. Бірақ бір белгілісі, павильондарының сыртқы пішіні қазақтың киіз үйіне ұқсас болмақ.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы