426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2017 жылы саяхаттауға ұсынылған елдер тізіміне Қазақстан енді Featured

  • 951

Әлемге танымал америкалық The New York Times газеті 2017 жылы саяхаттауға кеңес берілетін орындар тізімінде Қазақстанды көрсетті.

Басылым тартымды деген 52 бағытты көрсеткен. Еліміз The New York Times рейтінгісінде 26-орында тұр. Онда 2017 Қазақстанның бас қаласында «Болашақ энергиясы» тақырыбында халықаралық EXPO-2017 көрмесі өтетіндігі аталған. Сондай-ақ соңғы жылдары Астанада ашылған таңғажайып мейманханалардың көптігі айтылады. Басылым өз оқырмандарына Қазақстанмен қатар Канада, Чили, Үндістан, Қытай, Швейцария, Португалия, Ямайка, Австралия және т.б. елдердің тізімін ұсынады.

Айта кету керек, елордамызда халықаралық ЕХРО көрмесі 10 маусым мен 10 кыркүйек аралығында өтеді. Көрмені тамашалауға алдын ала болжам бойынша, шамамен 5 млн адам келуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы