430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық ұланның 1500 сарбазы Expo-2017 көрмесін күзетеді

  • 1527

Ұлттық ұланның 1500 сарбазы елордада өтетін Экспо көрмесін күзетеді.

Дүниежүзілік шараның жоғары деңгейде өтуі және қоғамдық тәртіптің бұзылмауы үшін күштік құрылым тарапынан қажетті қызметтер көрсетіледі. Бұл туралы бүгін Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл әскери сала өкілдеріне зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Себебі Астанада бүкіләлемдік Экспо көрмесі өтсе, Алматыда Универсиада ойындарының жалауы желбірейді. Бұл шараларға Ұлттық ұлан сарбаздары тартылып, қауіпсіздік талаптары сақталады.

Мұхаметқали Сатов, ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшысының орынбасары:

- Экспо-2017 халықаралық көрмесі аясында Астанада өз алдына бөлек жедел мақсаттағы бригада жасақталды. Жеке құрам сарбаздары шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысады. Ол үшін қажетті материалдық-техникалық әлеуеттері де жеткілікті.

Айта кетейік, биыл Ұлттық ұланның құрылғанына 25 жыл толды. Осы уақыт аралығында күштік құрылым өкілдері ел тұрақтылығын сақтап, құқықтық тәртіпті қырағы күзетті. Нәтижесінде көше бұзақылықтары 40 пайызға азайып, халықаралық мақсаттағы әскери міндеттер де мінсіз орындалып келеді. Оның үстіне, Ұлттық ұланның офицерлері мен сарбаздары 150-ге тарта мемлекеттік наградаға ие болған.

Хабар 24 телеарнасы