423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Австрия ЕХРО-2017-де ел назарына ұсынатын тың жобасын таныстырды

  • 988

Австриялық мамандар ЕХРО-2017-де ел назарына ұсынатын тың жобасын таныстырды.

Австрия Республикасының павильоны халықаралық көрменің 870 шаршы метр аумағын алып жатыр. Жобаға қатысушы дизайнерлер конкурстың бірнеше кезеңінен өткен. Нәтижесінде BWM архитекторлар жобасы мен әрлеуші Юлия Ландзиль жеңіске жетті. Австрия елшілігінің мәліметіне сүйенсек, іріктеуге Еуропаның барлық елдерінен үміткерлер қатысқан. Павильон ішінде австриялық 20 фирма өкілдіктері орналасады. Бірақ келушілерді «Австрия қуатты машинада» деп аталатын орталық құрылымы қызықтырса керек.

Хельмут Дёллер, Австрия павильонының директоры:

- Австрияда су және су қоймаларына ерекше көңіл бөлінеді. Мұнда баламалы қуат көзін дамытуды қарастырамыз. Сондықтан, біз білетіндей, Қазақстан да осы бастаманы жүзеге асырмақ ниетте. Күн және желден қуат көзін алуды жолға қойғандарыңыз көңілден шығады.

Хабар 24 телеарнасы