384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕХРО маңында 40-тан астам мейрамхана мен дәмхана жұмыс істейді

  • 596

Жылдың басты жаңалығының бірі елордада өтетін халықаралық көрме кезінде ЕХРО қалашығы маңында 40-тан астам мейрамхана мен дәмхана жұмыс істейді.

Тамақтандыруға арналған коммерциялық нысандарға 10 мың шаршы метр жер бөлінген. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы өкілдерінің айтуынша, ұйымдарды іріктеу әлі жалғасып жатыр. Қазіргі кезде жаппай тамақтандыру нысандарына арналған жердің тең жарымы берілген. ЕХРО қонақтары еліміздің ас мәзірінен бөлек, көрмеге қатысушы өзге де елдердің ұлттық тағамдарынан дәм татады. Ал қызметкерлер мен еріктілерге 1 жарым мың орындық арнайы асхана қаралған.

Дәулет Еркімбаев, «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ Коммерцияландыру департаментінің директоры:

- Көрме қызметкерлерін тамақтандыруға бюджеттен қаржы бөлінбейді. Олардың барлығы айлық алады және тамақтануға қаражатты өз қалталарынан шығарады. Ал еріктілерге келетін болсақ, оларға белгілі мөлшерде қаржы қарастырылады. Көрме күндері сол ақша таңғы, түскі және кешкі асқа жұмсалады. Олардың жұмысы күндізгі, кешкі және түнгі ауысымнан тұрады. Егер ерікті күндізгі ауысымға кірсе, онда оған таңғы және түскі ас беріледі.

Хабар 24 телеарнасы