Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO-2017 бағдарламасы таныстырылды

  • 1118

EXPO-2017 көрмесі аясында елордада 3,5 мыңға жуық мәдени және спорттық шара өткізіледі.

Туристер, астаналықтар мен қала қонақтары мәдени оқиғалардың болатын орнын, күнін expo2017culture.kz сайтынан біле алады. Бұл туралы ойын-сауық бағдарламасының таныстырылымына арналған баспасөз мәслихатында айтылды. Түрлі жанрды қамтитын кешенді бағдарламаны жасауға 2 жыл уақыт жұмсалған. Мәдени іс-шаралар Қазақстанның көпұлтты халқының мәдениеті мен өнерінің жетістіктерін жан-жақты таныстыруды көздейді. Бір ғана «Астана Опера» театры көрермендеріне 70 қойылым ұсынып отыр. Ал, «Ла Скала» мен «Мариин» театрлары арнайы гастрольдік сапармен келеді. Сонымен қатар, EXPO аясында бірнеше халықаралық байқау ұйымдастырылады деген жоспар бар.

Алмаз Нұразхан, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің департамент директоры: 

- Аталған кешенді бағдарлама түрлі жаңалықты қамтитын алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік шығармашылық ұжымдары мен спорт, өнер жұлдыздарының қатысуымен өтеді.

Хабар 24 телеарнасы