418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO кәдесыйлары саудаға түседі

  • 667
EXPO кәдесыйлары саудаға түседі

Астана «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне келетін жұртқа кәдесыйлар ұсынылатыны анық.

Қазірдің өзінде халық тұтынатын тауарлардың 110 түрі бойынша 13 компаниямен келісім жасалған. Естелік заттар, киім-кешек, қол сағаты, басқа да отандық өнімдер алушыға қолжетімді бағада сатылады. Арнайы алаңда жетпіс түрлі тауарды тілшілер алдына жайып тастаған Ұлттық компания мамандары сәуір айынан бастап жұрттың бәрі осы заттарды сатып алу мүмкіндігіне ие болатынын жеткізді. Сонымен қатар өз бұйымын ұсынам дейтіндермен де келісім жасалады.

Айдын Әміреев, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» коммерциялық департаментінің менеджері:

- Бүгінгі күнде рәсімге өтінімдер келесі санаттар бойынша қабылданып отыр: ағаштан және теріден жасалған бұйымдар, ойыншықтар, ересек және балалар киімдері, кондитерлік өнімдер, зергерлік бұйымдар, мобильді аксессуарлар, полиграфиялық өнімдер және тағы да басқа көрме сайтында орналасқан заттар. Бұл тауарлар сатылуы рұқсат етілген көрме аумағындағы арнайы дүкендерде, лицензенттердің өз сауда орындарында, әуежайлар мен ірі сауда орталықтарында сатылады деп жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы