418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбритания ЕХРО-2017 көрмесінің ашылуын асыға күтеді

  • 767

Бұл туралы осы елдің Сыртқы істер министрінің орынбасары Алан Данкан Нью-Йоркке жасаған сапары барысында айтты.

Ол мұнда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ашық пікірсайыс алаңына қатысу үшін келген болатын. Өз сөзінде қазақстандық әріптестерін құттықтаған дипломат көрмені абыроймен өткізуге тілектестік білдірді. Алан Данкан алдағы кезде де екі ел арасында түрлі салалар бойынша тығыз қарым-қатынас орнайды деп сенім білдірді.

Алан Данкан, Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Біз Қазақстанмен тығыз байланыс орнатуға әрдайым дайынбыз. Ал, БҰҰ-ның рөлі әлемде қашан да маңызды рөлге ие. Сондықтан, Қазақстанмен бірге Сирияда және де соғыс өрті шыққан өзге де жерлерде бейбітшілік орнату үшін барымызды салатын боламыз. Биыл Қазақстанға барамыз. Барлығымыз Астанада өтетін ЕХРО-ны асыға күтеміз.

Хабар 24 телеарнасы