418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Есімов ұлттық секциялар комиссарларымен кездесті

  • 565

ЕХРО көрмесіндегі павильондарды әрлеу және дайындық барысын ұлттық компания төрағасы Ахметжан Есімов ұлттық секциялар комиссарларымен өткен екіжақты кездесуде баяндап берді.

Атап айтсақ, Германия өкілі Дитмар Шмитц, Франция комиссары Паскал Лор және литвалық Ромас Янкаускаспен халықаралық көрмені өз елдерінде насихаттап, туристерді тарту жайы талқыланды. Сондай-ақ, Ахметжан Есімов Люксембургтің төтенше және өкілетті елшісі Жан-Клод Кнебелермен келіссөз жүргізді. Ол көрмеге қатысатынын айтып келісімшартқа қол қойды. Сонымен қатар, «ЕХРО-2020 Дубай» бюросының операциялық директоры Саймон Клэгпен екіжақты кездесу өтті. Онда шараны ұйымдастыруға қатысты біріккен жұмыс тобын құру қажеттігі айтылды.

Хабар 24 телеарнасы