418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшылар: ЕХРО-2017 павильондарының сапасы жоғары

  • 610

Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес көрмеге қатысушылардың үшінші жиналысын қортындылай келе осылай деді.

Халықаралық қатысушылардың соңғы жиынына 100-ден астам елден 326 делегат қатысты. Секция комиссарлары да дайындыққа көңілдері толатынын жасырмады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатындарын ресми түрде растады. Өз сөзінде Висенте Лоссерталес құрылыс жұмыстарына жұмсалған қаражатты үнемдеуге қатысты өз пікірін білдірді.

Висенте Лоссерталес, Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы:

- Белгілі бір үлкен жобаны жүзеге асыру қажеттілігі пайда болғанда, соған сай келетін қаржы көзі болады. Бірақ ол қаржыны сауатты жұмсай да білу керек. Менің бұған тікелей мүддем болмаса да, Астанада өткелі жатқан ЕХРО осы бағытты ұстанды. Кеше біз көрген нысандар қаражатты үнемдеуден сапасы төмендеп кетті деп айта алмаймын. Керісінше, барлығы, оның ішінде жиындарды ұйымдастыру деңгейі де жоғары. Павильондардың сапасына көңіліміз толды.

Хабар 24 телеарнасы