419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Корея командасының директоры: ЕХРО-2017-дегі әр күнді жоспарлап отырмыз

  • 629

ЕХРО-2017 көрмесіне Оңтүстік Кореяның үкімет мүшелері, ірі компаниялардың басшылары мен шоу-бизнес өкілдері келеді.

Бұл туралы Сеулдегі Қазақстан елшілігі қызметкерлерімен кездесу аясында көрмеге баратын Оңтүстік Корея командасының директоры Бён Йон Соп айтты. Астана көрмесінде таңғы самал елі шараларын ұйымдастыру үшін Корея сауда даму агенттігі жанынан арнайы бөлімше құрылған. Ал кореялық павильонның тақырыбы «Болашақ энергиясы ақылды өмір» деп аталады. Сондай-ақ, көрме аясында Астанада Қазақстан мен Корея энергетика министрлерінің қатысуымен Энергетикалық саммит өткізу жоспарланған.    

Бён Йон Соп, «Астана ЭКСПО-2017-де» Оңтүстік Корея командасының директоры:

- Корея мәдениетімен таныстыру үшін ЕХРО көрмесіндегі әр күнді жоспарлап отырмыз. Жүзден астам оңтүстіккореялық мыңнан астам шараны ұйымдастырады. Біз көрме қонақтарына жаңа технологияны көрсетумен шектелмей, мәдениетімізді және Пхенчханда өтетін қысқы олимпиаданы насихаттаймыз. Корейлердің Қазақстанға күштеп қоныс аударылғанына да 80 жыл. Осы датаға байланысты да шара өтеді.

Хабар 24 телеарнасы