Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Cirque du Soleil EXPO-2017 көрмесінде өнер көрсетеді

  • 768
Cirque du Soleil EXPO-2017 көрмесінде өнер көрсетеді Фото: Hollywood Reporter

Әлемге әйгілі «Дю Солей циркі» «ЭКСПО-2017» көрмесіне бұрын еш жерде көрсетілмеген жаңа ойын сауық бағдарламасын әзірлеп жатыр.

Тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады. Цирк қойылымы 16 маусымда басталып, қыркүйектің 10-ына дейін жалғасады. Барлығы 71 қойылым көрсетіледі. Ұйымдастырушылар билет бағасы 4 мың теңгеден аспайды, деп мәлімдеп отыр. Айта кетейік, «Дю Солей» циркі өз жұмысын 1984 жылы 20 әртіспен бастаған. Қазір компанияда 4 мың адам еңбек етеді. Бас кеңсесі Монреалда орналасқан. Әлемнің 50 елінде филиалдары бар.

Бернард Пурье, Cirque du Soleil EXPO 2017 павильоны жобасының директоры:

- Барлығы арнайы жабдықталған павильонда өтеді. Цирк шатыры 2 мыңға жуық көрерменге лайықталған. Сахнасы да арнайы жабдықталған. Жан-жағына Led экрандар қойылады. Бұл шоудың ішінде өзің қатысып жүргендей әсер қалдырады. Келушілерге тамаша көңіл-күй сыйлаймыз деп сендіремін.

Хабар 24 телеарнасы