427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда ЕХРО-2017 көрмесін насихаттайтын ауқымды роуд шоу өтті

  • 599

Роуд шоуда әдемі видеокадрлар, сұлу табиғат, көрікті Астана бәрі көрсетілді.

Қытай туристерін Қазақстанның таңғажайып табиғаты мен ЕХРО көрмесі ғана емес, Димаштың жеке концерті де қызықтырып отыр. Бүгін роуд шоуға қатысқан қытайлық туроператорлар Димаш арқылы ЭКСПО-ны насихаттау сәтті бастама деп есептейді. Бейжіңде өткен ЕХРОның таныстырылымына 80-ге жуық жергілікті туристік компанияның өкілі келді. Оларға  «Астана ЭКСПО» ҰК-ның ілгерілету және туризм департменті директорының орынбасары Роза Асанбаева елордада өтетін маңызды шара туралы толық ақпарат берді.

Роза Асанбаева, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК ілгерілету және туризм департаменті директорының орынбасары:

- Біз бұған дейін наурыздың 24-де Үрімшіде болдық. 27-де Сиань қаласына барып, Астана ЕХРО-ны таныстыру, насихат жұмысын жүргіздік. Осы Сианьда бірнеше келісімге қол қойылды. Қытайлар бізге келуге дайын екендерін айтуды. 31-і күні біз дәл осындай шараны Шанхайда өткізуді жоспарлап отырмыз. Әрине, Қазақстанның әсем табиғатын, елорданың көркем жерлерін көрсек деген саяхаттаушылар саны қазірдің өзінде жетерлік.

Былтыр Қазақстан мен Қытай топтық виза беруді жеңілдету жөніндегі ADS келісіміне қол қойған болатын. Яғни, туристер үшін жеке келгеннен гөрі, топпен виза рәсімдеу оңтайлы. Бүгін ЕХРО Бейжіңдегі жетекші үлкен туристік агенттікпен келісімшартқа қол қойды. Демек, қытайлық компания ресми түрде көрменің билеттерін сату, туристерді Астанаға жіберу сияқты жұмыстармен айналыса алады.

Би Цзинькуй, туристік компания өкілі:

- Аir China әуе компаниясының маусым айынан бастап жұмысын бастайтынын ескерсек, біздің Қазақстанға туристер жіберуімізге көптеген қолайлы жағдай туғызып отыр. Сондықтан біздің туркомпания осы бағытты дамытуды көздеп отыр. Бастапқы кезеңде, Қазақстанға 3-5 мыңға дейін турист жібереміз деп ойлаймын.

Қазақстанда 60-тан астам туристік компанияның Қытай саяхатшыларын қабылдайтын ресми рұқсаты бар. Қазір олар «China Friendly» бағдарламасы бойынша тілді жетік меңгерген мамандарды жұмысқа алып, кәсіби гидтерді дайындап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы