420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германия EXPO-2017 көрмесінде келген қонақтарды таңқалдырмақ

  • 798

Германия Астанада өтетін EXPO-2017 халықаралық көрмесіне дайындалып жатыр.

Жаңа технологиялар бойынша әлемде көш бастаған Германия өз ерекшеліктерімен EXPO қонақтарын таңқалдырмақ. Жетекші неміс компаниялары көрмеде инновациялық технологиялардың жаңа хай-тек жобаларын көрсетеді. Германия павильоны көрмедегі ең үлкен алаңның біріне орналасады. Оның  аумағы 1 мың шаршы метрді құрайды. 4 бөлімнен тұратын стенд немістердің баламалы қуат көздерін қалай пайдаланатыны туралы ауқымды ақпарат береді. Сонымен қатар жұртшылық назарына Германияда өндірілген озық үлгідегі электромобильдер ұсынылады. Павильонның тақырыбы «Өндірілген энергияны үнемдеу және сақтау» деп аталады.

Бэттина Бохынек, EXPO-2017 көрмесіндегі Германия павильонының директоры:

- Ең бірінші біз «Германияда өндірілген» брендімен шығатын баламалы қуат саласындағы дүниелерді таныстырамыз. Павильонымыздың негізгі бағыты сол. Көрмеміз «болашақ қаласы» үлгісімен салынған. Яғни біздің озық технологияларды енгізу арқылы Астананы одан әрі гүлдендіре алатын ұсыныстарымыз бар. Неміс павильонының негізгі ұраны: «Энергия – әлемді өзгертуге қуатты». Біз өз тәжірибемізбен бөлісе отырып, басқа елдердің де жобаларын көргіміз келеді. Павильонға келген әрбір адам жаңғыртылатын қуат көзі туралы жаңа ақпарат алып, оны өз үйінде қолдана білуі керек.

Хабар 24 телеарнасы