424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай «ЭКСПО» көрмесіне тыңғылықты дайындалып жатыр

  • 655

Қытай Астанада өтетін «ЭКСПО» көрмесіне тыңғылықты дайындалып, павильондар әрленіп, мамыр айында толықтай әзір болады.

Қытайдың халықаралық сауданы ынталандыру комитеті төрағасының орынбасары, Қытай үкіметінің «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі өкілі Ван Цзиньчжэн осындай мәлімдеме жасады. Шығыстағы көршіміз әлемде ең көп энергетика өндіруші және тұтынушы ел.

Соңғы жылдары баламалы қуат көздерін дамытуға басымдық беріп отыр. Жел, күн, су тағы да басқа «жасыл» энергияны өндіруге арналған заманауи теxнологиялары жетерлік. Астанада өтетін «ЭКСПО» алаңы арқылы осы мүмкіндіктерін жаһанға жария етпек.

Ван Цзиньчжэн, Қытай павильонының ұлттық комиссары:

- Өздеріңіз білесіздер, Қытай павильонын ең бірінші болып қабылдап алды және әзірлікті ертерек бастап кеттік. Қазір мендегі мәлімет бойынша әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Сәуірдің ортасына қарай негізгі жұмыстарды аяқтап, мамыр айының ортасына қарай павильон толықтай дайын болады. Астанада «ЭКСПО» көрмесіне біздегі кәсіпорындар мен Қытайдың барлық өлкесі белсенділік танытып отыр.

Хабар 24 телеарнасы