419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Швейцария EXPO-2017 аясында ынтымақтастықты кеңейтеді

  • 771
Қазақстан мен Швейцария EXPO-2017 аясында ынтымақтастықты кеңейтеді

Қазақстан мен Швейцария EXPO-2017 алаңын білім беру, ғылым, техника, дәстүрлі және баламалы энергетика салаларында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мақсатында пайдаланбақ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Presence Switzerland» агенттігінің басшысы, елші Николя Бидоның айтуынша, Швейцарияның Астанадағы көрмеге дайындығы бекітілген кесте бойынша жүргізілуде және павильонда экспонаттар орнатылып жатыр. Павильонның тақырыбы «Flower Power» келушілерге энергияны үнемдеп пайдалануға ынталандыра отырып, күнделікті өмірдегі энерготиімділікті таныстырады.

Өз кезегінде Қазақстанның Швейцариядағы елшісі Жанар Айтжанова EXPO-2017 екі ел арасындағы ғылыми-техникалық байланысты одан әрі жандандыруға арналған платформа екенін атап өтіп, швейцариялық тарапқа қазақстандық оқу орындарының ағымдағы жылғы ақпан айындағы Швейцарияға сапарын ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

Кантон Президенті Цюрих Марио Фермен кездесу барысында сұхбаттасушылар өңірлік ынтымақтастық және аталған аймақтағы компанияларды EXPO-2017 көрмесіне және жалпы қазақстандық нарыққа тарту перспективаларын талқылады.

Цюрихтің Қолданбалы ғылым университетінің ректоры, доктор Жан-Марк Пивэто дуальді және кәсіби білім берудің табысты тәжірибесі, сондай-ақ инновациялық жобаларды жүзеге асыру бойынша іскерлік топтармен тығыз өзара іс-қимыл туралы айтып берді. Тараптар университеттер деңгейінде өзара іс-қимылды реттеуге және мүмкін студенттермен алмасу жайлы келісті.

Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттасушылар биыл мамыр айында EXPO-2017 тақырыбына арналған дөңгелек үстел ұйымдастыруға және Швейцарияның ресми, іскерлік топтарын, сондай-ақ аталған іс-шараға қатысуға жетекші даму институттары мен ғылыми қоғамдастықтарды шақыруға келісті.

Ақпара көзі: primeminister.kz

Хабар 24 телеарнасы