429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO-2017 көрмесі Германияның Ганновер қаласында өткен жәрмеңкеде таныстырылды

  • 714
EXPO-2017 көрмесі Германияның Ганновер қаласында өткен жәрмеңкеде таныстырылды

Германияның Ганновер қаласында «Hannover Messe-2017» халықаралық өнеркәсіптік жәрмеңкесі аясында «EXPO Астана – Қазақстанның инновациялық қарқыны» тақырыбында экономикалық форум өтті.

Германиядағы Қазақстан елшісі Болат Нүсіпов неміс аудиториясын ҚР-дағы әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалармен таныстырды және Қазақстан-Германия қарым-қатынасының 25 жылдығы тұрғысынан алғандағы ынтымақтастықтың табысты дамуын атап өтті.

Шараға келген қонақтарға EXPO-2017 мен Астана халықаралық қаржы орталығының презентациясы ұсынылды.

Ганновер өнеркәсіптік жәрмеңкесі аясында көрмеге қатысушы неміс компанияларымен бірқатар кездесулер өтті. Соның ішінде, роботты техника өндіруші жетекші KUKA компаниясымен екіжақты инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты жақсарту мәселелері талқыланды. 

Еске сала кетейік, Қазақстанда ЭЫДҰ ұсыныстарын ескере отырып, Ұлттық инвестициялық стратегия жобасы әзірленген. Биыл наурыз айында құрылған«Kazakh Invest» ұлттық компаниясы бірыңғай оператор ретінде қызмет көрсетіп, бизнес-жобаларды бастан-аяқ сүйемелдейді. 

Жақында аталған жоба ҚР Үкіметінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен шетелдік дипломатиялық корпус пен инвесторларға таныстырылған болатын. Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тарту міндеті еліміздің Үшінші жаңғыруына бастау болған Мемлекет басшысының Жолдауында атап көрсетілген.

Мәлім болғандай, «Kazakh Invest» Қазақстан Үкіметі атынан халықаралық инвестициялық қоғамдастықпен байланыстар орнатып, оларды нығайту бойынша бірегей келіссөз жүргізуші әрі бірыңғай орталық ретінде іс-қимыл жасайды. Осыған орай «Kazakh Invest»-тің басты функционалдық міндеті – шетел инвесторына тұтастай қолдау көрсету, яғни идеядан бастап, Қазақстанда өндіріс орнын ашып, одан кейін экспортқа шыққанына дейін қолдау көрсету, өзгеше айтқанда – инвестициялық жобаның бастан-аяқ іске асырылғанына дейін сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Хабар 24 телеарнасы