417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сауд Арабиясы ЕХРО-2017 көрмесінде озық технологиялық жобаларын ұсынады

  • 712
Сауд Арабиясы ЕХРО-2017 көрмесінде озық технологиялық жобаларын ұсынады

Көрме ұйымдастырушысының кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халид әл Фалихпен кездесу өтті.

Кездесу барысында Ұлттық компания басшысы министрді ЕХРО-2017 көрмесінің дайындығы мен құрылыс ахуалымен таныстырып өтті.

«Барлық жұмыстар аяқталу кезеңіне таяу. Қазіргі кезде қатысушы мемлекеттер павильондарын толтырумен қарқынды айналысуда. Сіздің елдің павильоны келушілер саны және контенттік мазмұны жағынан тартымды болатынына сенімдімін», - деді А.Есімов.

Халид әл Фалихтің айтуынша, Сауд Арабиясының ЕХРО-2017 көрмесіне қатысуы екі елдің экономикалық қарым-қатынасының күшеюіне септігін тигізбек.

«Біздің ел карбоннан озық технологиялық өнімдер шығарады. Көрмеге осы сала бойынша жаңа жобалар алып келеміз», - деді министр.

Ақпарат көзі: «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы