426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дүниежүзілік банк ЕХРО-2017 көрмесіне қатысуға дайын

  • 670

Бұл туралы банктің вице-президенті Сирил Мюллер мәлімдеді.

Халықаралық қаржы институты Қазақстанның көптеген бастамаларына қолдау көрсетті. Дүниежүзілік банктің инвестициясы білімді дамытуға, денсаулық сақтау саласын өркендетуге, экологияны жақсартуға бағытталды. Өз сөзінде экономист-сарапшы қазақ елінің осы салаларды қарқынды дамытып келе жатқанын атап өтті.

Сирил Мюллер, Дүниежүзілік банк вице-президенті:

- Қазақстан басшысы кісінің жан-жақты дамуына, кәсіби дайындығына, біліміне ерекше мән береді. Дүниежүзілік банк те Қазақстанның, әсіресе ғылым мен білімді өрістетуге арналған бағдарламаларына дем беруге мүдделі. Және ел үкіметімен, азаматтық қоғаммен жақсы қарым-қатынас орнаттық. Оқу-ағарту бағдарламалары тек қана қалаларды емес, шалғайдағы елді мекендерді де қамтуы тиіс. Біз инновацияға, шағын және орта бизнеске де дұрыс қараймыз. Астанадағы ЕХРО кезінде өзге де халықаралық ұйымдармен қатар өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Қол жеткен табыстар жайлы да әңгімелейтін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы