476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Украиналық сарапшы: ЕХРО көрмесі екі елдің сауда-экономикалық байланысын кеңейтеді

  • 826

Украина мен Қазақстанның сәтті іске асырған ортақ жобалары көбейіп келеді.

Солардың бірі – қайта жаңғыртылатын энергетика саласында жұмыс істей бастады. Компанияның жұмысы ЕХРО көрмесінде кеңінен таныстырылады. Украинаның Қазақстандағы істері бойынша уақытша өкілі Владимир Джиджора ЕХРО көрмесі екі елдің сауда-экономикалық байланысын кеңейте түседі деген пікірде.

Владимир Джиджора, Қазақстан Республикасындағы Украина істері бойынша уақытша өкілі:

- Украина Қазақстанмен жаңғыртылатын қуат көздері саласында жұмыс істеп келеді. Біздің компаниялардың бірі қазақстандық тараппен бірлесіп 25 жел генераторын іске қосты, жалпы алғанда 44 мегаватт электр қуатын өндіреді. Украина мен Қазақстанда теориялық қана емес, тәжірибе жүзінде де қол жеткізілген жетістіктер бар. Нәтижелі жұмыстарымызды ЕХРО қонақтарына көрсетуге дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы