420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕХРО көрмесі аясында Астанаға Монако ханзадасы Альберт ІІ келеді

  • 695

Бұл туралы Князьдік павильонының таныстырылымында белгілі болды.

Монако павильонының комиссарының айтуынша, нысан 10 маусымда ашылады. Ал 25-сі Монаконың Ұлттық күні ретінде белгіленген. Жалпы, монаколықтарға тиесілі нысан «Болашақтың бейнесі» деп аталады. Аумағы 750 шаршы метрді құрайды. Шетелдіктер қонақтарды таңқалдырмақ ниетте. Айталық, Монако оқушылары ЕХРО-ға келушілерге бамбуктан жасаған велосипедтерін көрсетеді.

Александр Бокийон, павильон комиссары:

- Көпшілік назарына ұсынылатын велосипедті Монакодағы техникалық лицейдің оқушылары жасаған. Ол күн көзінен қуат алады. Жобаның демеушісі атақты шабандоз Александр Винокуров. Айта кетейін, ЕХРО көрмесін тамашалауға Монакодан 500-ден астам турист келеді деп жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы