425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алтынкөл стансасы EXPO көрмесіне Қытайдан келетін жолаушыларды қабылдауға дайын

  • 838

Алматы облысының Панфилов ауданындағы Алтынкөл теміржол стансасы «ЭКСПО-2017» көрмесіне Қытайдан келетін жолаушыларды қабылдауға сақадай сай тұр.

Станса басшылығы Аспанасты елінен келетін алғашқы пойыз Астанаға мамыр айының аяғында аттанатынын айтады. Бұған дейін Қытайдан Еуропаға, Парсы шығанағы елдеріне, Орталық Азиямен Кавказға тасымалданатын жүктің негізгі бөлігі осы Алтынкөл стансасы арқылы өтетін. Енді міне жолаушылар пойызы да жүретін болды.

Қорғас шекарасында орналасқан Алтынкөл теміржол стансасы негізінен контейнермен жүк өткізуге арналып салынған. 2013 жылы Алтынкөл стансасында барлығы 12 контейнерлік пойыз жүрген. Алайда «Қорғас-Шығыс қақпасы» құрғақ порты арнайы экономикалық аймағы құрылғалы бері жүк көлемі едәуір ұлғайды. Бүгінде аса ірі трансшекаралық логистикалық орталыққа айналды. Қазір мұнда теміржол көліктерін алмастыру және жабық жүк контейнерлерін автофургондарға ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр.

Жасұлан Хамзин, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА операторының бас директоры:

– Біздің биылға жоспарымыз 200 мың контейнерді құрап отыр. Олардың санын 2020 жылға дейін 540 мың контейнерге жеткіземіз.

Контейнерлік пойыздардың барлығы Алтынкөл стансасында құралады. Қазір бұл жерде жүк алмастыратын 3 терминал жұмыс істейді. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында станса арқылы 128 контейнер құрамасы өткен. Еді станса жолаушылар пойызын өткізуге дайындалып жатыр.

Нұрбикеш Маусымбекова, Алтынкөл стансасы басшысының орынбасары:

– Стансаның әлеуеті жоғары. Аз күнде тәулік бойғы жұмыс кестесіне көшеді. Мұнымен Алтынкөлге түсетін салмақ та екі есе артпақ.

Авторлары: Гүлнар Жантасова,Қарлығаш Қасиетова, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы