421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕХРО-2017 көрмесі қарсаңында Қарағандыда дипломаттарға арналған экскурсия ұйымдастырылды

  • 747

Қарағанды облысына 20-дан астам елдің дипломаттары барды.

Елшілер аймақтағы тарихи орындарды аралап, құнды жәдігерлерімен танысты. Енді олар кенді өңірден алған әсерлерін ЕХРО-ға келген қонақтармен бөліспек. «Ауыз толтырып айтатын көрікті жерлер мен тарихтан сыр шертетін мәдени-тарихи ескерткіштер көп екен», – дейді меймандар. Қойнауы қазынаға толы Ұлытау мен табиғаты көздің жауын алатын Қарқаралының өзі өңірдің беделін арттырып отыр. Жолай дипломаттар Елбасы еңбек жолын бастаған Теміртаудағы домна пешінің жұмысымен де танысты. Әйгілі Карлаг мұражайынан алған әсерлері тіпті өзгеше. Бүгінде Қарағандының көрікті жерлерімен танысуға Еуропа мен Қытайдан мыңдаған саяхатшы қызығушылық танытып отыр екен.

Карлос Энрике Валдес де ла Консепсион, ҚР-дағы Кубаның Төтенше және өкілетті елшісі:

- Біз Қарағанды облысына алғаш рет келіп отырмыз. Бұл аймақ туралы теледидардан көрдік, түрлі кітаптардан да оқыдық. Дегенмен келіп, өз көзіңмен көруге не жетсін. Алған әсеріміз айтарлықтай. Бұл экскурсия ұмтылмас және Куба мен Қазақстанның арасындағы қатынасты нығайтуға тағы бір қадам жасадық деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы