382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Братиславада Словакияның EXPO-2017 көрмесіне қатысуы бойынша баспасөз конференциясы өтті

  • 442
Братиславада Словакияның EXPO-2017 көрмесіне қатысуы бойынша баспасөз конференциясы өтті

Братиславада Словакияның EXPO-2017 көрмесіне қатысуы жөнінде баспасөз конференциясы өтті.

Аталған іс-шараға Қазақстанның Елшісі Сержан Әбдікәрімов, Словакияның EXPO-2017 бас комиссары Патриция Жачикова және Астанада Словак павильонын салатын «KVANT Ltd» компаниясының директоры Павол Кубошек қатысты.

С.Әбдікәрімов өз сөзінде біздің еліміздің EXPO-2017 көрмесіне дайындығының аяқталу сатылары жайында, сонымен қатар словак азаматтары биылғы жылдың басынан бастап Казақстанға визалық талаптардан босатылуларына орай Словакияның кең іскерлік және әлеуметтік топтарын көрмеге және Қазақстанның көрікті жерлерін көріп қайтуға шақырды. Сондай-ақ дипломат құрылысына 408 қазақстандық компаниялар тартылып, 55 мың адамды жұмыс орнымен қамтыған EXPO-2017 туралы ақпаратпен EXPO-керуендер, роуд-шоулар және басқа да көпшілік акциялар арқылы әлемнің 1 млрд. адамы таныстырылғанын атап өтті.

П.Жачикова Қазақстанның астанасында өтетін алдағы іс-шараға қатысудың маңызының өте зор екенін және «жасыл» технологиялардың нәтижелерінің ұдеулі енгізуіне, сондай-ақ қоршаған орта мен жаһандық климатты тиімді түрде қорғауына, келешек ұрпақтар мен адамдардың өмір сапасын арттыру мен ресурссақтағыш және жаңғыртылмалы энергетиканың дамуы аясындағы халықаралық қатынастардың өрістетуіне мүмкіндің туғызатынын атап өтті.

П.Кубошек пен П.Жачикова словак павильонының инновациялық толтырылуының ағымдық үрдісі туралы және көптеген ұйымдастыру-техникалық шешімдерінің егжей-тегжегжейлері жайында айтып, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Хабар 24 телеарнасы