378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вашингтонда АҚШ-тың EXPO-2017 көрмесіне арналған ұлттық павильоны таныстырылды

  • 554

АҚШ-тың EXPO-2017 көрмесіне арналған ұлттық павильоны Вашингтонда таныстырылды.

АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісінің орынбасары Лиза Кертис өз сөзінде әлемдік аренадағы Қазақстанның жетекші рөлін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан мен АҚШ көрмеге қатыса отырып, Халықаралық көрмелер бюросына мүшелікке кезекті рет қабылданады. Яғни Астанада өтетін EXPO-2017 шарасы елдерді біріктіріп қана қоймай, алдағы уақытта да Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық қарым-қатынастың дамуына оң ықпал етпек. Америкалық ұлттық павильонның негізгі тақырыбы «Таусылмайтын қуат көзі» мен «инновация»  тұжырымдамасына негізделген.

Джош Уолкер, АҚШ-тағы EXPO-2017 павильонының директоры:

- Соңғы айларда Астанаға бірнеше рет барып, керемет әсер алдым. Аз уақыттың ішінде америкалық павильонның қалай салынып жатқанына куә болдым. Керемет екен. Жаңғыртуға қатысты реформалардың барлығы адамдар арасындағы қарым-қатынасқа ғана құрылмаған, сонымен қатар, үкімет пен кәсіпкерлер арасындағы байланысқа да негізделген. Астанаға баратынымызға өте қуаныштымыз. Онда бүкіл әлем барады. Бәрі бізге қосылып, бұл кереметті өз көздерімен көреді деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы