384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теміржолшылардың балалары EXPO көрмесін тамашалауға келеді

  • 611
Теміржолшылардың балалары EXPO көрмесін тамашалауға келеді

Шілде айының аяғында еліміздің барлық өңірлерінен Астанаға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне теміржолшылардың балалары келеді.

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Олар екі күн бойы «ЭКСПО» алаңдарын тамашалап, Қазақстан –«Сфера» ұлттық павильонымен танысып, инновациялық өнер табыстарын көреді.

Балалар сондай-ақ Ұлттық мұражайды, Тұңғыш Президент мұражайын, «Тұлпар-Тальго» зауытын аралайды.

«Елордадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне үздіктердің үздігі, облыстық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері келеді», – дейді салалық кәсіподақ төрағасы Оразғали Ахметбаев.

Акцияны ұйымдастырушылар – салалық кәсіподақ, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ кәсіподақ филиалы, теміржол бөлімшелерінің кәсіподақтары.

Хабар 24 телеарнасы