389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бішкектен шыққан эко-автошеру елордаға жетті

  • 607

«Болашақ энергиясы».

Дәл осындай атаумен Бішкектен шыққан эко-автошеру араға апта салып бүгін Астанаға жетті. Жобаның ерекшелігі, қазақ және қырғыз өнертапқыштары өз инновациялық туындыларымен белгіленген аралықты бағындыруы керек. Олардың арасында желден қуат алатын электрлі велосипедтен бастап сутегі генераторымен жүретін көліктерге дейін бар. 10-ға жуық инноватордан тұратын топ елордада сәл аялдап, сапарды жалғастырады. Жоспарда Ресей, Армения, Беларусь және Польша елдерін басып өту бар. Ал соңғы нүкте – Германия.

Салтанат Рақымбекова, G-Global дамыту коалициясының басқарма төрайымы:

- Эко-автошеру мүшелері аталған мемлекеттерден жай ғана жүріп өтпейді. Жолдағы әрбір елді мекенге тоқтап, өз туындыларын таныстырады. Баламалы қуат көздерін пайдалануға шақырады және Астанада өтетін ЕХРО көрмесін насихаттайды.

Хабар 24 телеарнасы