423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO-2017 көрмесіне атақты дизайнер Джеффри Брэдфилд келеді

  • 870

ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне қатысу үшін елордамызға белгілі америкалық дизайнер Джеффри Брэдфилд келе жатыр.

Ол өзінің 50 жылын интерьер мен сәулет саласына арнаған майталман маман.

Оның портфолиосында қайталанбас жобалар мен атышулы жұлдыздар бар. Джеффри Брэдфилдтің фотосуреттерін интерьер дизайны туралы белгілі журналдар мен басылымдардан жиі көруге болады. Оны Манхэттендегі кеңсесінен ұстау тіптен мүмкін емес. Таңда Мексикаға ұшса, кешке Араб Әмірлігінде жүреді. Бүгінде ол Жапония, Сингапур, Катар және Шанхайдағы жобаларды қолға алды. Сұлулықты жаны сүйетін талғампаздар кеңесті де тек Джеффриден алады. Оның қатарында соңғы жобаларының бірі голливудтың белгілі режиссері Оливер Стоунның үйі. Дарынды әрі заманауи суретшілерді табу мақсатында Астанаға келмекші. Өйткені ол әр ЕХРО көрмесін жіберіп алмауға тырысады. «Бұл көрме әр елдің шығармашылығымен етене танысуға таптырмас мүмкіндік», дейді ол.

Джеффри Брэдфилд, америкалық дизайнер:

- Қазақстанға барғалы тұрмыз. Қуаныштымыз. Күллі әлемді шарласақ та, әлемде аумағы жағынан 9-орында тұрған Қазақстанда болмаппыз. Астанада өткелі тұрған ЕХРО сәтті болады деп ойлаймын. Қаланы жаңадан салыпсыздар. Шанхайдағы таңқаларлық ЕХРО-да болғанмын. Бірақ Астана қаласы қысқа уақыт ішінде салынғанын білгенде таңқалғанмын.

Америкалық дизайнер Джеффри Брэдфилд өз стилімен жан тыныштығына жағдай жасайды. Ол Оңтүстік Африкада дүниеге келсе де, мансабын 1970 жылы Нью-Йоркте бастады. Сол жылдан бері дизайнер түрлі халықаралық марапаттарға ие болып, өз саласына қатысты бірнеше кітап жазды. «Нью-Йорк таймс» газетінде Джеффри Брэдфилдтің өз айдары бар. Сонымен қатар америкалық телевизиялық шоуларға да жиі қатысып тұрады. Астанаға өзінің дизайнер әріптесі Рорик Тобинмен бірге келе жатыр.     

Джеффри Брэдфилд, америкалық дизайнер:

- Біз Қазақстанның жас дизайнерлерімен кездесуге асықпыз. Мен дизайнерлеріңіздің «Кристис» залындағы көрмесінен хабардармын. Бұл қайталанбас шара болды. Менің ойымша, сіздің галереяңыздың көрермені көп болады. Еуразия кіндігінде орналасқан елдің стилі бізді ерекше қызықтырады.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Майра Қабиева, Ренат Садыров

Хабар 24 телеарнасы