378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO-2017 көрмесі аясында «Этноауыл» бой көтерді

  • 868

ЕХРО көрмесі кезінде көшпенділер өмірін де көруге болады.

Осы мақсатта бас қаланың іргесінен ашылған «Қазанат» ипподромында «Этноауыл» бой көтерді. Өткен жүзжылдықтардан сыр шертетін шара барысында қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрі етене дәріптеледі. Мұнда он саусағынан өнер саулаған зергерлер бұйымдар әзірлесе, қыздар киіз басу технологиясын көрсетеді. Кешенде Ұлы даламыздың ұлттық ойындары да кеңінен насихатталады. Мұнда шетелден келген мәртебелі меймандар сайыс, қыз қуу, күміс алу сынды бабадан балаға жалғасып келе жатқан асыл мұрамызбен таныса алады. Маңызы зор, мазмұны терең ұлттық мәдени шараны 11 маусым мен 10 қыркүйек аралығында тамашалауға болады.

Хабар 24 телеарнасы