417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«ЕХРО-2017» көрмесі аясында көкпаршылар мен ковбойлар арасында сайыс өтуі мүмкін

  • 577

«ЕХРО-2017» көрмесіне Американың дайындығы ерекше. Тіпті командасын әкеліп, көкпаршылар мен ковбойлар арасында сайыс өткізуді ойлайды.

Баспасөз мәслихатында сөз алған АҚШ тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол енді Астанада энергетика, иновация және қарым-қатынастарға қатысты әңгіме өрбитіні анық екенін тілге тиек өтті.

Алпауыт компаниялардың демеуімен Америка өз павильонының тұсауын кеседі.

 Джордж Крол ,Американың Қазақстандағы елшісі, павильон комиссары:

-Таусылмайтын қуат туралы айтайын. Ол – шикізат, жел мен ауа, су. Тұтас алғанда табиғат. Табиғатта қуат таусылуы мүмкін емес. Еліміздің ең үздік 40 студентін арнайы әкелдік. Біздің болашақ – солар. Демек мамандар мен мамандық жағынан да тарлық көрмейміз. Кадрдың қайнар көзі ғой. Әлем Астанаға көз тігіп отыр. Жаңалық күтеді. Алдағы үш ай тың шешімдер ұсынатын болады.

Хабар 24 телеарнасы