384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның Бейжіңдегі Елшілігінің консулдық қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

  • 523

Қытай туристері «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылу салтанатын тамашалауға асық.

Қазір Бейжіңдегі Қазақстан Елшілігінің консулдық қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, туристік іскерлік визаны уақытында рәсімдеп жатыр.

Бейжіңдегі техникалық университеттің 4 курс студенті Сю Вэй отбасымен әлемдегі ең жас қала Астананы араламақшы. Бүгін таңертең анасы Фань Фань екеуі виза рәсімдеуге келді. Ертерек келмесе, қазір кезек көп. Биыл Қазақстандағы Қытай туризмі жылын пайдаланып саяхаттап қайтуды жоспарлап отыр. Әсіресе оларды ЕХРО халықаралық көрмесі қызықтарады.

Сю Вэй, Бейжің қаласының тұрғыны:

- Қазір сабағым аяқталып, бос уақытым болғандықтан, ата-анаммен Қазақстанға барып демаламыз деп шештік. Себебі, биыл Астанада ЕХРО көрмесі өтеді. Сондай-ақ биыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы. Бұл менің қазақ еліне алғашқы сапарым. Алғашында виза алу қиын екен деп алаңдадым. Бірақ туристерге виза рәсімдеу жылдам екен.

Болашақ техникалық мамандық иесі Сю Вэй ЕХРО көрмесінде тың жаңалықтарды бірінші болып білсем деген ниетте. Оның үстіне бозбаланы Димаштың жеке концерті қызықтырып барады. Әлемдік деңгейдегі танымал жұлдыздардың концерті де қытайлық саяхаттаушылар үшін тосынсый болып отыр.

Болат Сырлыбаев, ҚР ҚХР Елшілігі консулдық бөлімінің басшысы:

- Күнде сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін. Түскі 15:00-ден 19:00-ге дейін адамдарды қабылдап, кейбір кезде сенбі, жексенбі де қабылдап жатырмыз. Өйткені ЕХРО-ға байланысты Қытай азаматтарының қызығушылығы өте жоғары. Одан бөлек басқа да арнайы іс-шаралар бар. Оған бара жатқан адамдарға біз белгіленген уақыттан тыс уақытта да қабылдап жатырмыз.

Бейжіңдегі ғана емес, өзге де Қазақстанның консульдық қызметі туристерге виза алу мәселесін жеңілдету және жеделдету бойынша шаралар қабылдаған. 2015 жылы желтоқсанда Қазақстан мен Қытай топтық виза берудің ADS келісіміне қол қойған болатын. Қазір жедел виза үш тәулікте, әйтпесе бес күнде дайын болады.

ЕХРО-ға баратын туристердің құжатын қабылдатын қосымша терезелер ашылған.

Авторлары: Нұрбек Бекен, Жаң Сүй

Хабар 24 телеарнасы