378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

В.Путин «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына келеді

  • 439
В.Путин «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына келеді МК

Ресей Президенті Владимир Путин Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына қатысады.

Бұл туралы ҚР-ның РФ-дағы елшілігі хабарлайды. «РФ Президентінің көмекшісі Юрий Ушаков айтып өткендей, ресейлік көшбасшы Владимир Путин 9 маусым күні Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің ресми ашылуына қатысады», – делінген ресми хабарламада.

Көрменің мақсаты – қышқыл газ қалдықтарын шығаруды төмендетіп, энергия көздерін тиімді басқару технологиялары мен шешімдерге келу.

Сондай-ақ ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин де көрменің ашылуына қатысады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz 

Хабар 24 телеарнасы