426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италиядағы БАҚ ЭКСПО-2017 көрмесі туралы жазды

  • 925

Италия  ЭКСПО-2017 көрмесінің елге тигізер әсері  көп болатынына сенімді.

Жасыл энергетика саласында жетекші рольге ие мемлекет шара аясында  көптеген келісім-шартқа қол қойылатынын айтады. Италияның Экономикалық даму жөніндегі министрдің орынбасары Иван Скальфаротто Италия ақпараттық агенттігінің бетінде шараның кәсіпкерлер үшін  зор мүмкіндіктер ашатынын жазды. Сондай-ақ шараға қатысу үшін  мемлекет қазынасынан 3 миллион еуро жұмсалғанын, бірақ қаржының келешекке салынған инвестиция екенін атап өтті.

Иван Скальфаротто, Италия экономикалық даму министрінің орынбасары:

Италияда қазір баламалы энергия мәселесіне айрықша көңіл бөлініп отыр. Сондықтан Астанада өтетін көрме тақырыбы бізге етене жақын. Италияның шараға қатысудан ұтары көп. Себебі көрме табысының кілті - шара аясында өтетін кездесулерде. Біз көрмеде еліміздің энергетика саласында қол жеткізген жетістіктерін паш етумен қатар Қазақстанда итальяндық компаниялардың көбейе түсуіне мүмкіндік аламыз.

Хабар 24 телеарнасы