Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгін БАӘ, Австрия және Мысыр елдері EXPO көрмесіндегі өз павильондарын ашады

  • 840

Күллі жер-жаһан тағат таппай асыға күткен EXPO халықаралық көрмесі елге есігін айқара ашты. Арқа төріндегі ару қалада өтіп жатқан айтулы шараға төрткүл дүниенің әр шалғайынан қонақтар ағылып келе бастады. Тақырыбы баламалы энергия көздері болғандықтан, көрмеден тың жобаларды көптеп көруге болады.

Айнұр Қуатқызы, тілші:

- «Жүз рет естігенше, бір рет көр» деген нақыл бекер айтылмаса керек. Көптен күткен халықаралық шараға меймандар төрткүл дүниеден келіп жатыр. Шағын қалашықтың бір шетінен екінші шетіне қарасаң, көркіне көз тоймайды. Әр ел болашақ энергиясы бағытындағы тың жетістіктерін ұсынады. Бүгін БАӘ, Австрия және Мысыр елдері өз павильондарын ашып, басты жаңалықтарымен бөліседі.   Мысалы Австрия адамның ақылымен, жан-тәнімен және бұлшықет күшімен энергия өндіруге болатындығын көрсетеді. Бір қызығы, келушілер ойын түрінде әртүрлі құрылғыларды пайдалану арқылы өздері энергия өндіріп көреді. Яғни адамның әр қимыл-әрекетінің өзі жаңа қуат көзін шығара алады.

Ал EXPO көрмесіндегі ең үлкен аумақты Біріккен Араб Әмірліктерінің павильоны алып жатыр. Жалпы аумағы 980 шаршы метрді құрайтын қалашық күніне 7 мыңға жуық мейманды қабылдауға дайын. Қонақтар Әмірліктің жылуын сезініп, елдің шөл мен теңіз көріністеріне осында куә болады. Айта кету керек, көрме аясында 3000-ға жуық мәдени іс-шара өтеді деп жоспарланған. Бірінші болып, бүгін «Ұлы Дала симфониясы» театрландырыған шоу бағдарламасы ұсынылады. Қазақ елінің тарихи кезеңдерінен сыр шертетін шоуға 600-ден астам өнерпаз қатысады. Қойылымды бүгіннен бастап 14 маусымға дейін тамашалауға болады.

Хабар 24 телеарнасы