428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарлық оқушылар EXPO көрмесіне аттанды

  • 861

Әлем назарын аударған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалауға Павлодардан оқушылардың алғашқы легі аттанды. Ертіс өңірі жаңалыққа жаны құмар өрендерді салтанатты түрде шығарып салды.

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы осы бағыттағы іс-шараларды әр жұма сайын ұйымдастыруды қолға алмақ. Олар көрмені тамашалауға ниет білдірген жеткіншектерге айтулы шараның маңыздылығы жайында әңгімеледі. Жалпы еліміздегі жетекші партияның аймақтық филиалы арқылы ЭКСПО көрмесіне 4,5 мың адам аттанбақ.

Саяси құрылым өкілдері ата-ана қамқорынсыз қалған жетімдер, аз қамтылған, жағдайы төмен отбасылардың балалары үшін 2,5 мың билет сатып алған. Игі бастамадан, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері мен «Замандас» ардагерлер клубы да шет қалған жоқ.

Абылайхан Боранжан, оқушы:

- Біз ЭКСПО-дан өте үлкен үміт күтеміз. Бұл – Қазақстан үшін мәртебелі оқиға. Біз  ЭКСПО-ға ғалымдардың жаңалықтарын, жаңа заманауи технологияларды қарауға және де сол технологиялардан жаңа мәртебені алуға барамыз.

Хабар 24 телеарнасы