418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕХРО көрмесінде БҰҰ өз павильонын таныстырды

  • 635
ЕХРО көрмесінде БҰҰ өз павильонын таныстырды

Қазақстан энергия тиімділігін іске асыру бағытында алдыңғы қатарда тұр әрі ЕХРО көрмесін өткізу арқылы Париж келісімін ілгерілетуге мүмкіндік жасап отыр.  БҰҰ-ның ЕХРО-дағы Бас комиссары Джихан Сұлтаноглының пікірі осы.

Айта кетейік, БҰҰ халықаралық көрме аясында бүгін өз павильонын ресми түрде ашқан болатын. Мамандар бұл жердегі кинетикалық құмның берері мол екенін айтады. Мәселен, балаларды құмда ойната жүріп-ақ, жасынан ғылымға баулуға болады екен. Сондай-ақ БҰҰ алаңынан шөлейтті алқаптарды суармалы егіске айналдырудың тың тәсілдерімен таныса аласыз. Жасыл экономикаға ерекше назар аударып отырған елімізге БҰҰ тарапы жоғары бағалап отыр.    

Джихан Султаноглу, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ ЕХРО-дағы Бас комиссары:

-Қазақстан энергия тиімділігін іске асыру бағытында осы заманғы озық жетістіктерді өндіріске енгізуге нақты қадам жасап отыр. Бұл ретте жасыл экономикаға айрықша назар аударылып жатыр. Бұл жаңашылдық БҰҰ тарапынан жоғары бағаланып отыр. Қазақстан мен БҰҰ сенімді серіктестер екенін айта келе, маңызы зор көрмені өткізуде тек сәттілік тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы