419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЭКСПО-2017: Сингапур павильоны ашылды

  • 829

Сингапур энергетика саласындағы тың жобаларымен мақтанады. Оңтүстік-Шығыс Азия елі бүгін ұлттық павильонын ашып, ондағы қызықты дүниелерін жұртқа паш етті.

Жасын Біркенов, тілші:

Сингапур өз павильонын жұртқа айқара ашты. Бұл жердің концепциясы өте қызық. Павильон екі қабатты. Біріншісінда Сингапурдың жасыл энергия саласындағы жетістіктері туралы видео көрсетіледі. Ал екінші қабатта ішіне ел жастары жазып, бізге жіберген тілектер салынған шынылар ілулі тұр. Мұнда «Болашақ жарқын болсын!», «Сингапур жақсы жер болатынынан үміттімін» деген жазулар бар. Мұнда сол жақ қабырғада сингапурлықтардың жасыл эконосмикадағы жетістіктері көрсетілген. Мысалы, олар 2012 жылы алғашқы жасыл тұрғын ауданды құрастырған. Ол біздің Астанадағы «Жасыл орам» тұрғын алабымен ұқсас. Бұл тұрғын алабы жасыл технологиялармен жарақталған. Сингапур - Шығыс-Азияда орналасқан шағын қала-мемлекет. Соған қарамастан, жасыл технология саласында едәуір жетістікке жеткен. Ашылу салтанатына осы елдің парламент спикері Халима Якоб қатысты. Бұл шараға Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Бекназаров қолдап келді. Якоб ханым қазақстандықтарды ЭКСПО ашылуымен құттықтап, абыроймен өткізуді тіледі. Дизайнерлердің идеясы бойынша, қағазға тілек жазып, оны дән етіп егу керек. «Қазақстан жасасын» деген тілегімді жазып қалдырдым. Жалпы ЭКСПО көрмелері кезінде түрлі ғылыми жаңалықтар жұртқа ұсынылған. Астанада өтіп жатқан ЭКСПО да адамзатқа берері көп.

Хабар 24 телеарнасы