425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейжіңдегі қазақстандық студенттер ЕХРО көрмесінің ашылу салтанатын тамашалады

  • 715

Жаһандық климаттың жылыну мәселесі өзекті болып тұрған кезде Қазақстан «жасыл энергияға» мән беріп отыр.

Осы саланы халықаралық қауымдастықпен бірге дамыту үшін EXPO-ны қабылдады. Халықаралық маңызды шараның біздің елде өтуі әлемдік қауымдастықтың Қазақстанға деген сенімі. Бұл шара әрбір Қазақстан азаматы үшін үлкен қуаныш. Астана EXPO 2017 көрмесінің ашылу салтанатын Қытай астанасы Бейжіңнен тамашалаған қазақстандық студенттер осылай дейді.

Абылайхан Қалдыораз, Бейжің университетінің 3-курс студенті:

– Астанадағы ЕХРО көрмесінің ашылу салтанатын тікелей эфирден тамашаладық. Шынымды айтсам, кеудемді мақтаныш кернеп тұр, көрменің ашылу салтанаты достарыма да қатты ұнады. Жасыратыны жоқ, басында ЕХРО көрмесіне күдікпен қараған кездеріміз болды, алайда бүгін ЕХРО көрмесі біздің мақтанышымызға айналды.

Хабар 24 телеарнасы