426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италиялықтар Ақтау қаласы үшін Smart City жобасын дайындады

  • 532

Италияндықтар EXPO көрмесіне Қазақстанда алғаш рет Smart City жобасын ұсынып отыр.

Ол 120 мың тұрғыны бар Ақтау қаласының бір бөлігі үшін дайындалған. Алдағы жылы құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Сәулетші Вальтер Макки Астанада «ақылды қаланың» үлгісін ұсынады. Кешенді жобалаумен Италиядағы ірі команиялардың бір айналысады. «Қалаларға «жасыл технологияны» енгізу уақыт талабы», – дейді Вильтер Макки. Ақтаудағы жаңа аудан тек дербес, баламалы электр қуатын ғана тұтынатын болады.

Вальтер Макки, BM STUDIO компаниясының техникалық директоры:

– «Жасыл энергетика» тақырыбында көрме өткізуі Қазақстан Президентінің көрегендігі. Ерте ме, кеш пе жер қойнауындағы байлық таусылары анық. Ал күн, жел энергиясы мәңгілік. «Ақылды қала» осы қуат көздерін пайдалана отырып, жаңбыр суын, тұрмыс қалдықтарын өз қажетіне жарата алады. Біздің жобамыз осы технологияны дамытуға серпін береді деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы