Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Италиядағы қазақстандықтар: EXPO көрмесі ел танымалдығын арттыра түспек

  • 793

Италиядағы қазақстандықтар «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуын тікелей эфирде көрді.

Жырақта жүрген отандастарымыз ауқымды шараның ашылу салтанатынан керемет әсер алған. Олардың ішінде Рим университетінің студенттері болашақ дәрігер Абдурашид пен басқарушы мамандығын таңдаған Роман бар. Жас мамандар көрменің ашылуы ең жоғары дәрежеде өткенін әрі еліміздің әлемдегі танымалдылығын арттыра түсетінін айтады.

Роман Курбатов, студент:

Отшашулы шоу керемет болды. Мемлекет басшылары, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Еуропалық одақ өкілдерінің шараға қатысуы бізге зор әсер қалдырды. EXPO Қазақстанға үлкен мүмкіндіктер ашып, еліміздің беделін нығайта түседі.

Абдурашид Айтбаев, студент:

– Барлық қазақстандықтар үшін «ЭКСПО-2017» көрмесі маңызды шара. Еліміз дұрыс бағытта дамып келеді. Отанымызды көптеген ел танып, біле бастады. Мен мұны мақтан тұтамын.

Хабар 24 телеарнасы