418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Корея EXPO қонақтарын энергетикалық орманмен таңғалдырды

  • 730

Аумағы жағынан ең үлкен алаңдар қатарына кіретін Оңтүстік Кореяның көрме-павильоны ашылды. Күншығыс елінің инноваторлары EXPO қонақтарын бұл жолы энергетикалық орманмен таңқалдырды. Бұған қоса сумен жүретін машина мен баламалы энергия көзінен қуат алатын ұшақ бар.

Жалпы кәрістер жасыл технологияның дамуы жағынан әлемде көш бастап тұр.  «Ал енді осы жетістіктерді баламалы қуат ошағымен ұштастыра түсу керек», – дейді мамандар. Сондықтан павильон тақырыбы «Болашақ энергиясы. Ақылды өмір» деп таңдалыпты.

Ким Дже Хонг, КОТРА директоры:

-Біздің павильонда жаңа энергия көздеріне саяхат жасай аласыздар. Сондай-ақ біз күн, жел энергетикасы саласында соңғы үлгіде жасалған жобаларымызды алып келдік. Мұнда энергия көздерін тиімді сақтау технологиясы мен сандық технологиялар да бар.

Хабар 24 телеарнасы