Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Анкара халқы ЕXPO көрмесінің ашылу салтанатын тамашалады

  • 1350

ЕXPO 2017 халықаралық көрмесі Түркия астанасы Анкара қаласының орталық алаңында көрсетілді.

Дүбірлі шараның ашылу салтанатын қала тұрғындары мен қонақтары Кечиөрен ауданында өтіп жатқан дәстүрлі «Рамазан фестивалі» аясында тамашалады. Жергілікті тұрғындар ЕXPO қалашығындағы сәулетті ғимараттар мен елорда көгінде жасындай жарқылдаған отшашуларды көріп, тәнті болды.

Айдын Өзхан, Анкара қаласының тұрғыны:

– ЕXPO көрмесі былтыр Анталияда болып еді, биыл бауырлас ел Қазақстанда өтіп жатыр. Бұл халықаралық шараға Астана тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр. Өйткені осы күндері қала ерекше құлпырып, жайнай түскен. Бұйырса, жақын уақытта Астанаға барып, бұл сұлулықты өз көзімізбен тамашаласақ дейміз.

Сондай-ақ Анкарада «Рамазан фестивалі» шеңберінде қолөнер шеберлерінің көрмесі өтіп жатыр. Ол таң атқанша жалғасады. Сондықтан бұл шараға жергілікті тұрғындар отбасымен келіп, асықпай аралағанды жөн көреді екен. Тәспі жасаудың хас шебері Вейс Акмаджа сауданың да кілтін таба білген. Ол түрлі-түсті тәспі арқылы EXPO 2017 деп жазып, көптің назарын аударды.

Вейс Акмаджа, шебер:

14 жылдан бері тәспі жасаумен айналысамын. Өйткені оның түрік мәдениетінде алар орны өте зор. Жаңа орталық алаңда Астанадағы халықаралық көрмені көрсетті. Осы сәтті пайдаланып, тәспімен «EXPO» деп жазып қойдық. Халық назар аударып, алдымызға келіп жатыр. Бір қарағанда, бұл да көрмеге және біздің өнімге деген үлкен жарнама емес пе?! 

Хабар 24 телеарнасы