423,79 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Украиналық сарапшы: Қазақстан ЕХРО көрмесін лайықты өткізе алады

  • 846

Украина сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Олег Литвяк «Первый деловой» телеарнасына берген сұхбатында Олимпиаданың спорт үшін қанша қажеттілігі болса, ЭКСПО көрмесі экономика үшін дәл сондай қажеттілік деп атап өткен.

Украиналық журналистер «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің 20 минуттық шығарылымын тамашалап, сарапшылармен бірге шара барысын талқылады.

«ЕХРО Қазақстанның сөзсіз жеңісі. Көрме алғаш рет Орталық Азия мен ТМД елдерінің арасындағы орталықта өтіп жатыр. Бұлайша әлем назарын өзіне аудару оңай шаруа емес, сондай-ақ ол экономикалық тұрғыда ақталады деп ойлаймын. Қазақстан ЕХРО көрмесін лайықты өткізе алады. Бұл ғаламат оқиға, футуристік пейзаж. Ұйымдастырушылар командасы өте нақты әрі үйлесімді жұмыс жасады. Бұл еріксіз таңғалдырады», – дейді Украина мемлекетінің сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Олег Литвяк.

Хабар 24 телеарнасы