422.66 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сяо Бинь: EXPO қазақ елі үшін абыройлы көрме болсын

  • 784

Астана ЭКСПО көрмесінің ашылу салтанатының өте жоғары деңгейде өтуі Қазақстанның маңызды шараға деген жауапкершілігін көрсетеді.

Ал оған әлемнің белді көшбасшылары қатысуы оның салмағын еселей түсті. Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының сарапшысы Сяо Бинь осылай дейді. Ол Орталық Азияны зерттеуші маман ретінде ЭКСПО туралы ақпаратты жібермей қарайтынын айтады. Ал Астана көрмесінің аясында өткізілетін шаралар Қазақстан мен Қытайдың жасыл энергетика саласындағы байланысын арттыра түседі деп сенеді.

Сяо Бинь, Қытай ҚҒА Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының сарапшысы:

- Астана ЭКСПО көрмесінің ашылу салтанатының өте жоғары деңгейде өтуі Қазақстанның осы маңызды шараға деген жауапкершілігі мен тыңғылықты дайындалғанын әйгіледі. Көрме тақырыбынан Қазақ елінің болашаққа деген ұмтылысын, әлем елдерінің баламалы қуат көздеріне деген оң көзқарасын қалыптастыруға деген ізгі ниетін байқаймыз. Астана көрмесі сәтті аяқталып, жаhандық энергияға революция әкелген  абыройлы алаңға айналсын деп тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы