425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Грузиялықтар ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу салтанатын жоғары бағалады

  • 643

Грузиялықтар «ЭКСПО-ның ашылу салтанаты әсем әрі қызықты болды» деп іс-шараның ұйымдастырылуын жоғары бағалап жатыр.

Сарапшылар, саясаткерлер және ғалымдар да маңызы зор көрмені назардан тыс қалдырған жоқ.

Мирон Пирцхелани, Энергетика мәселелері жөніндегі сарапшы:

- Қазақстан қарқынды дамып келе жатқан, ең бастысы, достық қарым-қатынас орнаған мемлекет. Сондықтан ЭКСПО көрмесіне көп көңіл бөліп, зор қызығушылықпен қарап отырмыз. Әсіресе шараның ашылу салтанатына жеке тоқтала кеткім келеді. Өте тамаша әрі әсерлі болды.Меніңше, қазақ елі бүкіл әлем назарын таза энергияның маңыздылығына аударта білді. Бұл мәселе біз үшін де өзекті болғандықтан еліміз баламалы энергияны дамыту жолына түсті. ЭКСПО көрмесі шараға қатысушы елдердің тәжірибемен алмасып, білімін тереңдетуіне көмектеседі. Тіпті көрмеден кейін жер жаһандағы болашақ энергиясы жаңа деңгейге көтерілсе керек.

Хабар 24 телеарнасы