428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда «EXPO-2017: Қазақ елінің ең ірі жобасы» атты көрменің тұсаукесері өтті

  • 739

Игі шара Париж төрінде Әміре Қашаубаев шырқаған «Балқадиша» әнімен ашылды.

Одан әрі халықаралық көрме аясында облыста жүзеге асқан іргелі жобалар таныстырылды. Атап айтсақ, Қостанай машина зауытында электромобильдер құрастыру қолға алынған. Себебі келешекте экологиялық көліктерге сұраныс арта түсеріне сенім мол.

Сондай-ақ Наурызым қорығы шетелдік туристерге ұсынылатын 73 бағыттың біріне енгізіліп отыр. Бұл да аймақта туризм саласының дамуына оң ықпал етеді.

Жалпы, Қостанай облысында жаз бойы «EXPO-2017» көрмесінің мән-маңызын насихаттайтын 24 мәдени шара өткізу көзделіп отыр.

Айгүл Минасова, ұйымдастырушы: 

- Астана қаласында өтіп отырған ЭКСПО-2017 көрмесін әр қазақстандық, әрбір республика тұрғыны мақтанышпен айта алады. Бұл ЭКСПО көрмесі бізге болашақта экономикамыздың қарыштап өсуіне, жалпы, Қазақстанды әлемге паш етуге жағдай жасайды деп ойлаймыз. Бүгінгі іс-шара мақсаты да Қостанай облысының кәсіпкерлерін, қолөнершілерін жалпы халыққа таныстыру.

Хабар 24 телеарнасы