412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЭКСПО-да БҰҰ күнін атап өту басталды

  • 678

ЭКСПО-2017 көрмесі аумағында «Біріккен Ұлттар Ұйымы күнін» ресми мерекелеу басталды. Салтанатты шара халықаралық павильонның Ұлттық күн сахнасында өтіп жатыр.

Мөлдір Доспаева, тілші:

Біріккен Ұлттар Ұйымы күнін мерекелеу шарасына келушілер қатары көп болды. Олардың арасында ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев, ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Джихан Султаноглу мен БҰҰ өнеркәсіпті дамыту бойынша Бас директоры Ли Янг болды. Сондай-ақ мұнда дипкорпус өкілдері мен қоғам қайраткерлері келіп отыр. Шара аясында белгілі Артишок театры шоу-бағдарламасын назарына ұсынды. Оның тақырыбы көрме бағытымен үндес: Тұрақты даму мақсаттары мен Болашақ энергиясы. Артынша БҰҰ еріктілері парад пен флешмоб көрсетті. Сосын барлық қатысушы БҰҰ павильонына бет алды. Павильон іші тұрақты энергетика тақырыбына толықтай сай әзірленген. Оған келушілер БҰҰ көрмесін тамашалай алады.

Хабар 24 телеарнасы